08
қазан
2026
Ұстаздың өмір жолы — қазіргі жастарға үлкен өнеге.
Агибаева А.К. — мектебіміздің мақтанышы, ел тарихындағы ерлігі мен ұстаздық еңбегін ұштастырған аяулы ұстаз. Студент кезінен Желтоқсан оқиғасына қатысып, ел болашағы мен әділдік үшін күрескен қайсар жан бүгінде Тараз қаласындағы №13 мектепте биология пәнінен сабақ беріп келеді.Ол шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, отансүйгіштік, адамгершілік, жауапкершілік пен елге деген құрметті де қалыптастырып келеді. Ұстаздың өмір жолы — қазіргі жастарға үлкен өнеге. Оның ерлігі мен еңбегі талай шәкірттің жүрегіне рух, санасына жігер сыйлауда.Осындай жүрегі ел деп соққан, ұстанымы берік, өнегелі ұстазымызбен мақтанамыз!#ҰстазӨнегесі #ҰстазЕрлігі #ЖелтоқсанОқиғасы #Желтоқсан1986 #АгибаеваАК Тараз №13Мектеп БиологияПәні ҰстазбенМақтанамыз ЕлгеҚызмет ЖастарғаӨнеге ПатриотҰстаз