08
маусым
2026
13 мектепте «Заң және тәртіп» құндылықтары аясында «Білімім — Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
13 мектепте «Заң және тәртіп» құндылықтары аясында «Білімім — Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік, заңды құрметтеу және тәртіп сақтаудың қоғам үшін қажеттілігі туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, білімді ұрпақ — ел болашағы екені айтылып, оқушыларға адалдық, жауапкершілік және патриоттық құндылықтарды бойға сіңіру жөнінде тағылымды пікірлер ұсынылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз көзқарастарын еркін жеткізе білді. Осындай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
#ЗаңЖәнеТәртіп #БілімімОтаныма #ТәрбиеСағаты #13Мектеп #Білім #Отан #ПатриоттықТәрбие #ЖасҰрпақ #Тәрбие #Қазақстан