22
сәуір
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 12-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары
Тараз қаласы №13 орта мектебінде"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 12-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында “Желтоқсан рұхы - Тәуелсіздік жолы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға 1986 жылдың желтоқсан көтерілістың мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске алып, олардың өмірі, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан көтерлісі туралы мағлұмат беру. Желтоқсан құрбандарды еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жариянды.
Желтоқсан оқиғасында ел қамы үшін жан берген жандарды үлгі тұту, өнеге алу және халқын, туған жерін сүйе білуге үйрету, достыққа, патриотыққа тәрбиелеу. Салтанатты жиынға құрметті қонақтары болып, сол 1986 жылы қаһарлы аязда жандарың кәтерге қиып аланға шыққан жандар шақырылды. Олар, Бердалиев Мурат Азимханұлы- Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымының төрағасы, Иманкулова Света Удербайқызы- Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымының төрағасының орынбасары; Идирисова Дариға Туймебайқызы - Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымының мүшесі; Мырзабеков Ермахан Ормаханұлы- Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымының мүшесі; Баймұратова Шайза- Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымының мүшесі; Есембаева Марияш Сауқымбекқызы- Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымының мүшесі және де мектеп директоры, Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Агибаева Айтжамал Камбарқызы. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұраннан басталып, “Тәуелсіздік бізге қалай келді” тақырыптық баяндама жасалды. Мектеп оқушылары әртүрлі жанрда өз өнерлерін көрсетті. Жиынның сонында мектептің атынан Желтоқсан ардагерлеріне Алғыс хат және оқушылардың қолынан шыққан өнер туындылар сыйлық ретінде табысталды. Тағылымы мол іс-шара Ескіндер Хасанғалиевтың “Атамекен” әнімен өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әрқашан туымыз биіктен желбіресін!