20
сәуір
2020
Педагог Күнделігі # Дневник Педагога.

Бүгінгі таңда жаңарған ,жасарған , рухани әлеуеті жан-жақты дамыған еліміздің, яғни ұлы даланың ұрпақтарын білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымы қаншама. Ұстаздық еткен осы санаулы жылдарымда білім реформасында болып жатқан бірталай оң өзгерістерге куә болып келе жатырмын. Біз, ұстаздар қауымы ,әрқашанда заман талабына ере білген халықпыз. Жаңартылған білімді жетілдіру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге барынша атсалысудамыз. Десек те, осындай заман туатынын, еліміздің экономикасы, өркениеті қарыштап дамитынын сонау ХІХ ғасырда, қазақ елінің тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин атамыз мына өлең жолдарымен дәлелдеп кеткендей:
«Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып- жұмғанша ,
Жылдам хабар алғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Отынсыз тамақ пісірді ,...» деген өлең жолдарын Ыбырай атамыз, дәл мына қиын-қыстау күндерінде қалай тығырықтан шығуға болатынын айқындағандай. Олай болса неге білім беру үрдісі кенжелеп қалу керек?- деп біздер, мұғалімдер, бірден тізгінді қолға алдық десек қателеспейміз. Қазақстаннан короновирус инфекциясы анықталған бойда Президент қаулысымен төтенше жағдай жарияланып, еліміздің барлық аймақтарына қатаң талапты карантин режимі енгізілді. Себебі, жұқпалы дерт елімізді айналып өтпеді. Уақытша болса да бұл қиындық қоғамдағы күнделікті жұмыс ырғағын бұзды. Алайда Үкімет дер кезінде тиісті шаралар қарастырып, ҚР Білім және ғылым Министрлігіне бұл мәселені жан-жақты мұқият қарап, шұғыл шешуді тапсырды. Біздің еліміз сандық жүйеге көшкелі ақпараттық-коммуникациялық технологияның жемісін көре бастады. Қашықтықтан оқыту бағдарламасымен жұмыс жасау біздерге , әсіресе мұғалімдер қауымына аса қиын бола қойған жоқ. Себебі мектептерде материалдық база бұрыннан қалыптасқан . Қашықтықтан оқыту ең алдымен мұғалім мен оқушы және ата-аналар арасындағы түсіністікті қажет етеді. Әрине, алғашқыда қашықтықтан оқыту қиындық тудырғаны рас. Бірақ қазіргі уақытта бір жүйеге түсе бастады. Бір айдан бері еліміз бойынша сабақтар «Offline», «Online» режимінде өткізіліп келеді. Сабақтан тыс қалып отырған бала жоқ. Барлық үйде смартфон, планшет, компьютер, ноутбуктермен ата- аналар өз балаларын қамтамасыз етуге , көштен қалмауға тырысып жатыр. Келешекте әлемдегі дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз, түбінде осы қашықтықтан оқыту жүйесіне түбегейлі көшеді деп сенемін. Өйткені осы ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін барынша пайдалану – бүгінгі өркениетті, технократиялық қоғамның талабы