31
қазан
2024
Ұстаз-Ұлы есім.


Іс-шаралар өткізу мақсаты: «Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 – 11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда,
30.10.2024жылы 8 сынып оқушылар арасында «Ұстазыма мың алғыс» тақырыбында челлендж өтті.Барлық оқушыларымық белсене ат салысып, әлеуметтік желіге жарияладық
02.10-08.10.2024 жылы «Жарқын жүзді Ұстазым» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
30.10-07.10.2024 жылы «С любовью к вам учителя» тақырыбында 1-11 сынып оқушылар арасында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі.
04.10.2024 күні мектебімізде «Дублер күні» өтті.
04.10.2024 ж . «Ұстаз -ұлы есім тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын "Ұстаздар күні" мерекесі мектепте өз деңгейнде аталып өтілді. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар әр мұғалімге арнайы өлең шұмақтарын арнап, гүл шоқтарын сыйлады. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар , мұғалімдер мерекесіне арналған арналған тәрбие сағаттарына ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып, өз тілектерін білдірді.