Педагог Күнделігі # Дневник Педагога.Тараз қаласы, №13 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Илешова Дана Шораевна » СШ №13
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 245 34 21
Есепші бөлімі:
+7 (726) 245 34 21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог Күнделігі # Дневник Педагога.Тараз қаласы, №13 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Илешова Дана Шораевна
20
сәуір
2020

Педагог Күнделігі # Дневник Педагога.Тараз қаласы, №13 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Илешова Дана Шораевна

Ұстаз – өзгелерге үйретуден жалықпайтын, өзі де үйренуден, ізденуден шаршамайтын аса мәртебелі мамандық. Алғаш мектеп табалдырығынан аттап, бейтаныс жанның бала көңілінен орын алып, оны білім нәрімен сусындатқан жан – ұстаз.Осындай қасиетті де таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың ыстық аялы жүрегі, мейірімі, тәлім-тәрбиесі әрбір шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталады. Ұстаз болу – жүректілікті, даналықты, кезі келсе керек жерінде бала болуды талап етеді. Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған замандағы балалардың жүрегіне жол табу өте қиын іс.
Әлемді алаңдатқан пандемия Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Осындай ел басына қауіп төнген кезеңде ұстаздар үшін де ата –аналар үшін де жауапкершіліктің күшейгені хақ. Баршамыздың санамызда «Қашықтықтан оқыту деген не? Қалай оқытамыз?» деген сан алуан сұрақтар туындады. Ұстаздардың алдында бір-ақ міндет. Ол - қандай жағдай болмасын балаға білім беру. Бұл міндетті орындауда өзім еңбек етіп отырған киелі шаңырақ Тараз қаласы, №13 орта мектептің басшылары мен ұстаздарының еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ұстаздар Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеріп, білім беру процесіне еш кедергі келтірместен, жұмылған жұдырықтай өз жұмыстарын шебер ұйымдастыруда . Бүгінгі таңда ұстаздар қаумы оқытуды заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырудың қыр сырын әбден меңгерді. Осы орайда ұстаздарды қолдап, балаларына демеу болып, барынша жауапкершілік пен түсіністік танытқан, өзім жетекшілік ететін 5 «А» сыныптың ата-аналарына алғысым зор.
Сөз соңында айтарым, біз қазақ ашаршылық пен репрессиядан аман-есен өткен, отаршылдықтың құрсауын үзіп шығып, ешкімге ешқашан құл болмаған, сақ-ғұндар дәуірінен бастау алатын жүздеген ғасырлар тарихы бар халықпыз. Сондықтан біз бірлігіміз бен берекемізді сақтап, төзімділігімізді танытсақ бүгінгі қиындықтан да сәтті өтіп, алтын ұя мектебімізде сүйікті шәкірттерімізбен дін аман жолығарымызға сенімім мол.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив