







Кітап- адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап- біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймасы керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деген Абай атамыз «Кітап атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Сонымен қатар 2020 жылы елімізде атаулы даталардың бірі «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің-1150 жылдығын, Түркі әлемінің ұлы ойшылы Жүсіп Баласағұнның–1000жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл, Алтын Орда мемлекетіне 750 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 75 жылдығын атап айтуға болмас.Жоба мақсаты- Қазақстанда оқу мәдениетін қайта жаңғыртып, дамыту, қалалардағы интеллектуалды қауымдастықты нығайту, отандық әдебиетшілерді қолдау, оқуға міндетті кітаптардың жеке нұсқасын шығару, кітап әуесқойларының бірегей сұхбат алаңын жасау.
«Bookdating» -жоба міндеті – халық арасында кітап оқу мен өздігінен білім алуды дәріптеу.