Мектеп аумағына жасыл желектер отырғызу.
№13 орта мектептің ұстанымы ерекше.Кезекші сынып оқушылары санитарлық талаптарды ескере отырып «Экосағат» акциясына қатысып, мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналармен бірге ағаш отырғызды. Білім ордасының ауласына әр бала бір-бірден тал еккен. Оның күтімін, өсіп, жетілуін бақылап отыруды оқушылар өз міндетіне алған. Қажет болса, суарып, талдың түбін қопсытады.