22
сәуір
2026
«Әке – отбасының тірегі»


2026 жылы 28 қаңтар күні Тараз қаласы №13 орта мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әке – отбасының тірегі» Әкелер форумы жоғары деңгейде өткізілді.Форумның мақсаты: әкелердің отбасылық тәрбиедегі басты рөлі және әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті нығайту; әкелерді бала тәрбиесіне кеңінен тарту; ұрпаққа үлгі болу дәстүрін нығайту.
Міндеттері: шығармашылық қызмет арқылы әкелер мен бала арасындағы бірлік орнату, тәрбиелік дағдыларды дамыту және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу.
Іс-шараға 71 әке, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Шақырылған қонақтардың ішінде Жамбыл облыстық №2 арнайы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры, Жамбыл облыстық “Желтоқсан-86” қоғамдық бірлестіктің төрағасы М.А. Бердалиев; мектептін үздік оқушысы Тәуекел Зәйтун Қарлығаштың атасы Кошмағамбетов Сейтхан Мәдіғұлұлы, мектеп меценаты, жанашыры, Ата- аналар комитетінің белсендісі Курбанов Толқын Маккамович және мектебіміздің байырғы түлегі, Қазақстан Республикасы Халық әртісі, жерлесіміз Алишер Каримовтың әкесі Шүкір Юсупович Каримов. Өз сөздерінде осы кісілер әке қандай болу керек, талапшыл, жолы болғыш баланы қалай тәрбиелеу керек екеніне тоқтады,
Құрылтай барысында әке мен бала бірігіп жасаған шығармашылық туындылардың көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, әкелерге арналған практикалық тренинг өткізілді.
Оқушылар және ата- аналардың қолдауымен шағын концерт ұсынылды.
Форум соңында барлық қатысушы әкелер арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл іс-шара мектептің тәрбиелік жұмысындағы маңызды қадам болды. Әкелер бала тәрбиесіне бет бұруға бір қадам жасалынды деп үміттенеміз.