16
сәуір
2026
Заң және тәртіп айлығы бойынша тәлімгерлік кездесу
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Тараз қаласы білім бөлімімен бірлескен “Құқықтық қоғам - саналы ұрпақ “ айлығының негізгінде құқық қорғау ардагері Ысқақов Жомарт Аманбайұлымен 8-9-10 сынып оқушыларымен тәлімгерлік сағат өтті. Тәлімгерлік сағаттың мақсаты - жастар арасында құқық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін насихаттау.
Кездесу барысында жастарға жауапкершілік тақырыбында дәрістер оқылып, сұрақ-жауап сессиялары ұйымдастырылды.
Айта кетейік шараға Ысқақов Жомарт Аманбайұлы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тәртіп мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.