03
январь
2023
Кездесу кеші





28 декабрь күні Қайрат Рысқұлбеков саябағында орналасқан «JELTOQSAN,86» орталығында №13 орта мектептің тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жүректе қалған жаңғырық» атты тақырыпта декабрь көтерілісінің қатысушыларымен кездесу өтті.Кездесу барысында «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасарлары С.Мырзабай, Т. Кеншинбеков, алқа кеңесі мүшесі Е. Сұлтан және декабрь көтерілісінің ардагері әрі №13 орта мектептің директоры А. Агибаева өз ойларымен бөлісіп, көтерілістің шығу себептері мен салдары туралы әңгімелеп берді. Оқушаларды отансүйгіштікке, ерлікке, достыққа, ұйымшылдыққа шақырды.Тәуелсіздіктің жолында құрбан болған боздақтардың ерен еңбегін ұмытпауға, егемендікті бағалауға тәрбиеледі .