30
август
2020
"Мектепке жол"акциясы/Акция "Дорога в школу"







Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтіп жатыр.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты.Әр сынып жетекші өз сыныбындағы аз қамтылған отбасыларына оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, өз көмектерін көрсетіп отырғанын айтып, оқу құралдарын балаларға табыс етті.
Акция шеңберінде оқушыларға демеушілер атынан қолдау көрсету жалғасын табады.