28
ноябрь
2023
1- октябрь Қарттар күні .

1- октябрь Қарттар күні . Қариялар қашанда елдің ұйытқысы. Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын ата-әжелеріміз қашанда құрметке лайық. Жөн сілтеп, жол көрсетер ардақтылардың мерекесі жыл сайын 1-октябрь күні аталып өтіледі.2023 жылдың 28 қыркүйегінде оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым асыл қазынам!» қайырымдылық акциясы өтті.
№13 мектеп окушылары «№2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына » қарттардың жүректеріне жылулық сыйлау мақсатында концерттік бағдарламасын ұсынды.Мектеп директоры Агибаева Айтжамал Камбаровна қарттарымызды мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды..