31
қазан
2024
Жалпы ата-аналар жиналысы.
2024 жылдың 30 қазанында №13 орта мектебінде «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың әлеуметтік желідегі қозғалысына, парақшаларына талдау жүргізе отырып, көңіл-күйіне назар салу және отбасының тұрақтылығына бақылау жасау» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыста келесі маңызды мәселелер талқыланды:
🔹 Балалардың әлеуметтік желіні қолдануы және олардың психологиялық жағдайына мониторинг жасау:
Мектеп психологтары оқушылардың әлеуметтік желіде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мазасыздық пен көңіл-күй өзгерістерін анықтау тәсілдері бойынша тренинг өткізілді.
🔹 Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу:
Мектеп оқушылары арасында келеңсіз оқиғалар болдырмау мақсатында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі атап өтілді.