25
қазан
2022
Мектеп парламенті-2022









№13 орта мектебі бойынша білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы/ Мектеп парламенті тұжырымдамасына сай ДТІЖО Есеналиева Р.К. 5-10 сынып оқушыларына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға Парламенттің мақсаты,міндеттері, құрылымы жайлы ақпарат берілді. Оқушылар өзін-өзі басқару жайлы өз ойларын ортаға салды, Нәтижесінде үміткерлер анықталып, үгіттеу жұмыстары бойынша сұрақтар талқыланды.
Қ.Р. білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті және де фракция жетекшілерінің сайлауы 20 қыркүйек күні өтті. Сайлауға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып, дауыс берді. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер алдын-ала бағдарлама дайындап әлеуметтік желілер арқылы үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Сайлау нәтижесі:
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып 10 сынып оқушысы: Сагындыкова Аяна сайланды;
Құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі: 10 сынып оқушысы Усен Султан;
Ақпарат фракциясының жетекшісі: 9 сынып оқушысы Тәжібай Кәусар;
Спорт және СӨС фракциясы жетекшісі: 8 сынып оқушысы Тілеуқабыл Қанатбек;
Өзін-өзі тану фракциясының жетекшісі: 8 сынып оқушысы Арманқызы Анель;
Қамқорлық фракциясының жетекшісі: 9 сынып оқушысы Еркін Аида;
Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі: 10 сынып оқушысы Скоромина Виктория;
Дебат қозғалысы фракциясының жетекшісі: 9 сынып оқушысы Аманова Каролина;
Экология және еңбек фракциясының жетекшісі: 10 сынып оқушысы Аят Амина сайланды.
Сайлау нәтижесін шыққаннан соң мектеп парламенті мүшелерімен
1-ші отырыс өткізілді. Жылдық жоспар құрылып, алдағы жұмыс бағыты айқындалып, әр фракция мүшесіне нақты тапсырмалар берілді.