19
қаңтар
2024
Ата-аналарды педагогикалық қолдау (10-11 сынып №2сабақ)




2 САБАҚ
Көркем мінез – баға жетпес байлық.
Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту
Міндеттері:
•Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру
•Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)
•Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту
•Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ашықтық, өмірге оң көзқарас
Күтілетін нәтижелер
Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана:
Эмоционалды сауаттылыққа ие болады
Эмоционалды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді
«Мен-мәлімдемелерін» қолдана отырып, оң қарым-қатынас орната алады
Дағдарыс жағдайында өнімді мінез-құлық алгоритмдері мен тәсілдерін қолдана алады
Сабақты білікті маман : Цой Е.В. Абдрахым А.