12
қаңтар
2024
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы. ( 10-11 сынып ата аналарына сабақ.)



1 САБАҚ
Тақырыбы: «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу»
Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-Ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының өз өмірін өз бетінше құруға деген ұмтылысын қолдауға, дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ынталандыру;
-Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныстыру.
-Бірлескен іс-әрекет дағдыларын дамыту және баланың дербестігіне қатысты өзіндік мінез-құлық бағытын талдау.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
•ата-аналар борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрмет, сенім, қамқорлық, ашықтық;
•адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу.