Әбу Насыр Әл-Фараби
Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жыл Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған бағдатқа кетіп, Сирияда, шам шаһарында қайтыс болған. Өз ана тілі түркі тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған.