Ұлы Жеңістің 75 жылдығы!! » СШ №13
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 245 34 21
Есепші бөлімі:
+7 (726) 245 34 21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Жеңістің 75 жылдығы!!
04
мамыр
2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы!!

Биылғы жылы 9 мамыр күні Ұлы жеңіске 75 жыл толады. Осы жеңіс күнін біздерге сыйлаған – ардагер аталарымыз.
Менің атам Сәду Шәкіров - Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалінің иегері. Ол кісі 21 қазан 1922 жылы Талас ауданында «Кеңес» колхозында қарапайым еңбек¬ші-шаруа отбасында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін тоғыз класты бітірген. Сөйтіп, 18 жасында армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында қиян-кескі ұрыстың бел ортасында болған. Атам Украинада болған шайқаста, Днепрден өту кезінде асқан ерлік пен батырлық көрсетті. 1943 жылы 16 қазанда Лоевоның оңтүстік-батыс жағындағы биіктікке алдымен жетіп, оның төбесіне ту тікті.
Сол ерлігі үшін 30 қазан 1943 жылы Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
1946 жылдың маусым айында атам аман – есен елге оралады.
Ол елге оралысымен «Батырмын, еңбегім сіңді!» деп қол қусырып отырмады. Ауыл-елдің жүдеу, жұпыны тірлігін көзімен көріп, колхоз жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Көп ұзамай аудандық кеңестің төрағасы міндетін атқарды, партия мектебінің тыңдаушысы болды. Қазақ педагогика институтын сырттай оқып бітіреді.
Атам мағыналы өмірін, ақыл-парасатын, тәжірибе -тәлімін туған халқына қызмет етуге арнады. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін Шу ауданының «Дружба» кеңшарының партия ұжымын басқарып, ауыл шаруашылығы жұмысын дұрыс жолға қойды. Білікті басшы, мейірімі мол қамқоршы сияқты қасиеттерімен қалың көпшіліктің құрметіне бөленді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив