08
қазан
2026
«Сенімді дос»
№13 мектептің Педагог психолог Тілеумбетова Г.Б. «Сенімді дос» бағдарламасы аясында мектеп ұжымына педагогтар мен кіші қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдердің эмоционалдық жай-күйіндегі дабыл белгілерін дер кезінде анықтау және қиын жағдайдағы балаға дұрыс қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Қатысушыларға дабыл белгілерін анықтау, әрекет ету алгоритмін сақтау, қолдаушы қарым-қатынас орнату және мамандарға уақытылы хабарласудың маңыздылығы түсіндірілді.
Балаға уақытында көрсетілген назар мен қолдау – оның өміріндегі маңызды қадам. ❤️
#СенімдіДос #ОқытуСеминары #№13Мектеп #БалаларҚауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау