
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына сәйкес ұлттың рухани, тарихи-мәдени жаңғыруына бағытталған Тараз шаһарының орталығындағы "КӨНЕ ТАРАЗ" тарихи-этномәдени кешеніне 11 сынып оқушылары экскурсияға барып қайтты. Экскурсия мақсаты - өлкетану музейі арқылы жас ұрпақты патриоттыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оның мәдениеті мен құндылығын қастерлеу, өткен тарихын насихаттау.