03
қазан
2021
1-қазан Қарттар күні


Жуырда, 1-қазан күні жылдағы игі дәстүр бойынша елімізде Қарттар күні атап өтілді. Осы бір ерекше мереке аясын кеңейту үшін республикамыздың көптеген өңірлерінде қарияларға жан-жақты көмек, қолдау көрсету мақсатында арнайы апталық, айлық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің мектебімізде де орын алды. Бұл ізгі шараның басты мақсаты – жастар арасында еріктілер қозғалысын жандандыру, адамгершілік қасиеттер мен рухани құндылықтарды насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын дамыту. «Атадан бата алған жас азбайды», «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөздерді тілге тиек етіп, «Жақсылық пен мейірім айлығы» шарасының жоғарғы деңгейде өтті.